Коронавирус: БҰҰ қызметкерлері үйде жұмыс істейді

15 Наурыз 2020, 14:57
1491
Бөлісу:
Коронавирус: БҰҰ қызметкерлері үйде жұмыс істейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Біріккен Ұлттар Ұйымының Нью-Йорктағы кеңсесінде қызмет істейтін 3 мыңдай адам бұдан былай жұмысын ұйде отырып істейтін болады.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш қызметкерлердің қауіпсіздігі үшін үш аптаға дейін кеңсеге келмеуге бұйырық шығарды.

Коронавирустың себебінен осындай шешім қабылдап отырмыз. Сіздердің денсаулықтарыңыздың жақсы болуы біз үшін өте маңызды. Ауырмаңыздар, бір-бірлеріңізге мейрімді болыңыздар - деп жазды Бас хатшы өз қызметкерлеріне.

Мұндай шешім БҰҰ Бас кеңсесіндегі Филиппин өкілдерінен COVID-19 вирусы анықталған соң қабылданған.

АҚШ-тағы Жон Хопкинс университетінің мәліметі көрсеткендей, әлем бойынш вирус жұқтырғандар саны 137 мыңнан асты. Барлығы 5 мыңнан астам адам қайтыс болып, 70 мыңнан астам адам жазылып шықты.

Өзгелердің жаңалығы