Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысындағы 146 адам үй жағдайында ем алып жатыр, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Өткен тәулікте облыс бойынша үй жағдайында емделген 49 адам қауіпті инфекциядан жазылды. Қазіргі уақытта 146 адам үй жағдайында ем алып жатыр. Ал инфекциялық стационарда коронавирусқа қатысты ем алып жатқандар саны — 58. Олардың 30-ы № 2 облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының инфекциялық стационарында болса, 28-і Теңіз кенішіндегі аурухананың инфекциялық стационарында емделуде.Ауырғандардың 35-інде дәлелді ковид жұқпасы болса, 21 науқасқа коронавирусты пневмония диагнозы қойылған. Үш науқас жансақтау бөлімінде жатыр.
Айта кетейік, облыс бойынша пандемия басталғалы бері 11178 адам қауіпті індетке шалдыққан, оның ішінде 10905 адам жазылып шықты.