Коронавирус. Ashyq қайта енгізілуі мүмкін бе?

22 Шілде 2022, 16:40
1757
Бөлісу:
Коронавирус. Ashyq қайта енгізілуі мүмкін бе?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында ДСМ Инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Роза Қожапова мәлімдеді. 

Айтуынша, эпидемиялық жағдай тым нашарлап, «қызыл» аймаққа өткен жағдайда Ashyq жүйесі қайта іске қосылуы мүмкін. 

Қатаң карантин енгізу мәселесі эпиджағдайды бағалау матрицасына сәйкес қандай да бір өңірдің «қызыл» аймаққа өткен кезінде қарастырылады. Бүгінгі таңда бір ғана өңір – Нұр-Сұлтан «сары» аймақта. «Сары» аймақта бизнеске күш түсіретін қатаң шектеу шараларын енгізу қарастырылмаған, - деп атап өтті басқарма басшысы. 

Сонымен қатар ол эпидахуал күрделеніп, шектеу енгізілгенннің күнде ол екі кезеңнен тұрады деп отыр.

Өңір «қызыл» аймаққа өткен жағдайда Ashyq жүйесі мен екі кезеңде шектеу шаралары енгізілуі ықтимал. Бірақ бұл шаралар «Атамекен» ҰКП талқылауында. Барлық шешім Ведомствоаралық комиссияның қарау нәтижесі бойынша қабылданады, - деді ведомство өкілі.  

Еске сала кетейік, бұған дейін Роза Қожапова елімізде індетке қарсы қандай вакциналар бар екендігін айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы