Коронавирус: ғалымдар вирустың жаппай тарайтын уақытына болжам жасады

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ ғалымдары коронавирус пандемиясының шарықтау шегіне қашан жететініне қатысты болжам жасады, деп хабарлайды <a href="https://medicalxpress.com/news/2020-04-common-coronaviruses-highly-seasonal-cases.html"><span style="color: #111111;">MedicalXpress</span></a><span style="color: #111111;">&nbsp;</span>сайты.&nbsp;</h4>

 10 Сәуір 2020 2020, 04:34
10 Сәуір 2020 2020, 04:34
20566

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ ғалымдары коронавирус пандемиясының шарықтау шегіне қашан жететініне қатысты болжам жасады, деп хабарлайды MedicalXpress сайты. 

Мичиган университеті қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің ғалымдары 2010 жылдан бастап адам ағзасында коронавирустың 4 түрі (OC43, 229E, HKU1 және NL63) қалай тарайтынын бақылаған. Зерттеу жұмысына 1,4 мың адам қатысқан. Бүгінде олар зерттеу жұмысын аяқтаған.

Мамандар коронавируспен ауыру маусымдық сипатқа ие деп мәлімдеген. 97,5 процент жағдайда аурудың таралуы бәсеңдеген. Ал қаңтар және ақпан айларында ауру шарықтау шегіне жеткен.

Ғалымдардың айтуынша, зерттелген маусымдық коронавирустың SARS-CoV-2-мен байланысы бар. Бұл вирус COVID-19 пандемиясын туғызып отыр.

Алайда ғалымдар коронавирустың жаңа түрінің қашанға дейін және қандай боларына қатысты нақты болжам жасай алмайтынын айтады.

Айта кетейік, әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырған 1,5 миллионнан аса адам тіркелсе, 90 мыңнан аса адам аталмыш вирустан көз жұмған.

Наверх