Коронавирус. Алматыдағы 11 адамның жағдайы тұрақты

17 Наурыз 2020, 15:03
1380
Бөлісу:
Коронавирус. Алматыдағы 11 адамның жағдайы тұрақты

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы қоғамдық денсаулық Басқарма басшысы Тілеухан Әбілдаев Алматы қаласы өңірлік коммуникация қызметінің алаңында өткізген онлайн-брифинг кезінде айтты.

Оның айтуынша, кеше Алматыда 1 жағдай, бүгін тағы үш адамнан коронавирус анықталған. 

Кеше Алматы қаласында тағы бір коронавирус жұқтыру жағдайы тіркелді. Вирус жұқтырған 1986 жылы туған қыз болып шықты. Ол 15 наурыз күні таңғы сағат 6.00 кезінде Стамбұлдан ұшып келген. Кеше оның анализінен вирустың бары анықталып, ол қалалық стационарға жатқызылды. Қазіргі таңда онымен қатынаста болған адамдардың барлығы анықталып, карантинге жатқызылды. Бүгін тағы 3 адамнан коронавирус жұқпасы анықталды. Оның бірі 2018 жылы туған кішкентай бала, ол балалар жұқпалы ауруханасында карантинде болған. Ол бала ата-анасымен 13 наурызда Берлин-Алматы шартерлік бағытымен ұшып келген. Экипажбен қосқанда барлығы 12 адам әуежайдан бірден карантинге жатқызылды. Баланың жағдайы қанағаттанарлық,-деді ол. 

Қазіргі таңда Алматы қаласында коронавиурстық инфекциясы анықталғандар саны 11 адамға жетіп отыр. Бұл адамдармен байланыста болғандардың барлығы 14 күндік карантинге жатқызылған. Сонымен қатар, Алматыдағы медициналық мекемедегі карантинде  720 адам, үй карантинінде 726 оқшауланған. 

Тілеухан Әбілдаев сөз арасында тұрғындардың өз денсаулығына және айналасындағылардың денсаулығына деген азаматтық саналығына үлкен үміт артатынын айтты. 

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің үндеуінде атап өткендей медициналық тексерістен өтуден бастартқандар және карантиндік режимді бұзғандар жазаланады. Симптомдар анықталған жағдайда үйге дәрігерді шақыру немесе жедел медициналық жәрдемді шақыру қажет. Барлық отбасы мүшелеріне арналған үй карантиніндегілерге нұсқаулық: барлығы дене температурасын екі рет өлшеп тұрулары қажет. Екіншіден, бөлмені күніне кем дегенде екі рет желдетіп, ауа алмастырып отыру керек,-деді ол.

Сондай-ақ ол, отбасы мүшелерінің бірінде дене ыстығы көтерілсе коронавирусқа қарсы колл-орталық 1406 нөмірі  хабарласу керектігін айтты.
Өзгелердің жаңалығы