Коронавирус: Алматыда көз жұмған адам І топ мүгедегі болған

6 Мамыр 2020, 20:25
1412
Бөлісу:
Коронавирус: Алматыда көз жұмған адам І топ мүгедегі болған

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бүгін коронавирустан көз жұмған адамдаға қатысты түсінік берді.

68 жасар ер адамның вирустық гепатит, қант диабеті, артериялық гипертензия, бүйректің созылмалы пиелонефриті, жүректің ишемиялық ауруы сияқты созылмалы ауруы болған. 
Науқас жедел шұғыл медициналық көмек ауруханасына ауыр хәлде келіп түскен. Провизорлық госпитальда тексеріліп-қаралып, оң нәтиже анықталғанна кейін, инфекциялық стационарға ауыстырылды. Инфекциялық стационарда COVID-19-ға диагностикалау және емдеу хаттамасына сәйкес ем жүргізілді. Жүргізілген емге қарамастан, жай-күйі үдемелі түрде нашарлап, өкпені жасанды желдету аппаратында болды, - делінген хабарламада

Алайда, жүрек пен бүйректегі созылмалы ауруының болуы мен COVID-пневмониясының ауыр түрі жағдайын нашарлатып жіберген.
Қайтыс болуының негізгі себебі коронавирустық инфекция, бейінді мамандар, оның ішінде пульмонологтар кіретін өліммен аяқталған жағдайларды зерттеу жөніндегі комиссия сондай шешімді қабылдады, - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырға 1392 жағдай тіркелген. Жұқпалы стационарларында 1156 пациент емделіп жатыр.
Осы уақытта Алматы қаласында 17 адам коронавирустық инфекциядан сауығып, емдеуден шықты. Олардың ішінде Орталық қалалық клиникалық аурухананың 8 медицина қызметкері, Балалар қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының 2 қызметкері және 7-уі вирус жұқтырған науқаспен байланыста болған адамдар, - делінген хабарламада.
Өзгелердің жаңалығы