Коронавирус: Алматыда алдын алу шаралары өтті

8 Ақпан 2020, 17:17
2140
Бөлісу:
Коронавирус: Алматыда алдын алу шаралары өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматының Өңірлік штабы әуежай мен ауруханада коронавирустың алдын алу шараларының жүзеге асырылуын тексерді.

Осы жылдың 7 ақпанында қала әкімінің орынбасары Е. Бабақұмаровтың төрағалығымен Алматы халықаралық әуежайында коронавирусты инфекцияның алдын алу бойынша аймақтық штабтың көшпелі отырысы өтті. 
Мақсаты – әуежайда жүргізілетін санитарлық-гигиеналық және профилактикалық іс-шараларды бағалау, туристік фирмалардың, туристік будка мен турполицияның жұмысын тексеру, - делінген ақпаратта. 
Санитарлық-гигиеналық режимді күшейту және коронавирусты инфекцияның алдын алу мәселелері бойынша ұсыныстар берілді. Сонымен қатар, "№4 Қалалық клиникалық аурухана" ШЖҚ МКК-ның шұғыл мамандандырылған медициналық көмек көрсету бойынша дайындығы, 3h (триаж) жүйесі бойынша қабылдау бөлімшесінің жұмысы, сондай-ақ коронавирусты инфекцияға күдікті адамдарды анықтау жағдайына ден қою шаралары тексерілді.
Өзгелердің жаңалығы