Коронавирус: Алматы облысында жаңа қаулы қабылданды

23 Шілде 2021, 19:33
1316
Бөлісу:
Коронавирус: Алматы облысында жаңа қаулы қабылданды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты.

Алматы облысының бас мемлекеттік санитария дәрігерінің 2021 жылғы 23 шілдедегі №16 Қаулысымен ҚР мен Алматы облысындағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты 2021 жылғы 26 шілдеден бастап мынадай шектеу шаралары енгізілді:

1) Ashyq жобасына қатысқанына қарамастан, сенбі және жексенбі күндері қызметке тыйым салу:

  • қоғамдық көлікке;
  • Сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілерінің жұмысшыларына;
  • спорт объектілеріне (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары);
  • қоғамдық тамақтану объектілеріне, фудкорттарға (тамақ жеткізуге рұқсат етіледі);
  • фитнес-орталықтар, фитнес-клубтар, йога-орталықтар, спорттық-сауықтыру нысандары, сауналар, моншалар, СПА-орталықтар, бассейндерге;
  • кинотеатрлар, театрлар, концерт залдары, филармония, цирктерге;
  • ауданы 1000 м2-ден асатын азық-түлік емес тауарларды, ашық және жабық базарларды сату бойынша объектілерге;
  • компьютерлік клубтар, боулинг, бильярд, караоке, түнгі клубтарға;
  • білім беру орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған үйірмелердің, балалар даму орталықтарының, балалар ойын-сауық орталықтарының қызметтеріне;
  • банктер, ХҚКО, Қазпошта бөлімшелеріне;
  • діни нысандарға.

2) жұмыс күндері қызметті шектеу:

  • Ashyq жобасына қатысатын қоғамдық тамақтану объектілері, фудкорт сағат 20.00-ге дейін, Ashyq жобасына қатыспайтындарға сағат 17.00-ге дейін;
  • Ashyq жобасына қатысатын фитнес-орталықтар, фитнес-клубтар, йога-орталықтар, спорттық-сауықтыру объектілері, сауналар, СПА-орталықтар, спорт объектілері, бассейндер сағат 20.00-ге дейін, Ashyq-қа қатыспайтындарда сағат 17.00-ге дейін;

3) Ashyq жобасына қатысуына қарамастан ашық және жабық жағажайлар, аквапарктер мен аттракциондардың қызметін тоқтата тұру.

Еске салсақ, Алматы облысында бір тәулікте 230 адамнан коронавирус індеті анықталған. 

Өзгелердің жаңалығы