Коронавирус. Алматыда алдын алу шаралары пысықталды

11 Ақпан 2020, 21:48
1348
Бөлісу:
Коронавирус. Алматыда алдын алу шаралары пысықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Алматы қаласының Халықаралық әуежайында қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровтың төрағалығымен коронавирусты инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі Өңірлік штабтың отырысы өтті.

Жиында әуежайға келетін барлық халықаралық рейстерді бақылауды жүзеге асыру бойынша ағымдағы мәселелер талқыланды. Сондай-ақ әуежайдың санитарлық және шекара қызметтерінің коронавирусты инфекциялардың таралуының алдын алуы бойынша жұмыс механизмі тексерілді.

Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Т.Әбілдаев қаланың стационарларында коронавирусты инфекцияның таралу қаупі бар аймақтардан келген ЖРВИ мен тұмаудың белгілері бар 8 емделуші бар екенін хабарлады.

Емделушілердің жағдайы алаңдаушылық туғызбайды. Динамикада бәрі жақсарып, қалпына келуде. Олардың алтауы ересек, бір бала ата-анасымен бірге балалар жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр, – деді Т. Әбілдаев.

Сонымен қатар, инфекциялық бақылаудың барлық талаптарына сәйкес, резервтік емхана дайындалды. Қаланың медициналық мекемелері қажетті дәрі-дәрмектермен, келушілерге де, медицина қызметкерлеріне де жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілді.

Өз кезегінде, Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова Алматы қаласының Халықаралық әуежай аумағына 150-ден астам халықаралық рейс қонғанын, 17 мыңға жуық жолаушының тексерілгенін және олардың 200-ге жуығы Қытай азаматтары екенін атап өтті.

Отырыстың қорытындысы бойынша, Өңірлік штабтың төрағасы Е.Бабақұмаров жұмыс қарқынын төмендетпеуді, барлық халықаралық рейстерге күшейтілген санитарлық-карантиндік бақылауды жалғастыруды тапсырды.

Сонымен қатар, санитарлық және шекара мен экипаж, медицина қызметкерлерінің, оның ішінде жедел жәрдем қызметінің өзара іс-қимылын пысықтау, вирустық инфекциялардың алдын-алу және диагностика бойынша эпидемияға қарсы шараларды сақтау бойынша оқыту өткізілді.

Айқын симптомы бар адамдарды тасымалдау үшін жедел жәрдем іске қосылды. Олар әуежай аумағында тәулік бойы кезекшілікпен жұмыс істейді.

Сондай-ақ, оқу-жаттығулар аумақтық емханаларда да өтті. Алматыда коронавирусты жұқтыру жағдайы тіркелген жоқ. Қаланың барлық қызметтері бекітілген алгоритімге сай жұмыс істейді. Мегаполистегі жағдай биліктің бақылауында.

Өзгелердің жаңалығы