Коронавирус: әлемде тәулік ішінде 2223 адам жұқтырды

5 Наурыз 2020, 14:45
1177
Бөлісу:
Коронавирус: әлемде тәулік ішінде 2223 адам жұқтырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлем бойынша 93090 адам коронавирус жұқтырды. Олардың ішінде 80 422 адам Қытайда, қалған 12 668 адам шет елдерде.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы соңғы тәулікте әлем бойынша 2223 адамның COVID-19 вирусын жұқтырғанын тіркеді. Олардың ішінде 120 адам Қытайда ауырып қалған. 

Бұл туралы ұйымның 4 наурызда жариялаған ақпараттық бюллетенінде жазылған.

Осылайша, Қытай шекарасынан тыс елдерде 2103 адам коронавирус жұқтырған. Қытайда жалпы 2984 адам және дүние бойынша 214 адам коронавирустан қайтыс болды.

Өзгелердің жаңалығы