Коронавирус адам ағзасында біржола қалуы мүмкін бе?

12 Сәуір 2020, 17:31
2200
Бөлісу:
Коронавирус адам ағзасында біржола қалуы мүмкін бе?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тележүргізуші, әрі атақты дәрігер Евгений Комаровский YouTube-тегі каналында коронавирустың қандай вирус тобына жататынын түсіндірді.

KorzQBC8Aqc.jpg

Оның айтуынша, вирустың екі түрі бар: ДНК-вирустар және РНК-вирустар. Олардың бір бірінен айтарлықтай айырмашылығы бар. 

РНК-вирустар жіті ауруларды туындатады, яғни олардың бастауы мен аурудан жазылар кезде аяқталар сәті бар. Егер вирус жасушаға түссе, ол ерте ме, кеш пе жойылады. Вирус жасушадан шыққан кезде, адам ағзасындағы антиденелер оның көзін құртады.

Комаровскийдің сөзінше, ДНК-вирус жасушаның ішіне еніп алып, оны өлтірместен, ұзақ уақыт бойы жатуы мүмкін. Бұл вирустар гепатит В немесе герпес тәрізді созылмалы ауруларды туындатады.

Дәрігер коронавирустың РНК-вирустар қатарына жататынын айтты. Алайда, ол созылмалы ауруға да айнала алады. Комаровский бастауы бар және жазылған кезде аяқталатын тұмауды мысал ретінде келтірді. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сүйенсек, әлемде кем дегенде 1,6 млн адам коронавирустық инфекцияға шалдыққан, оның 99 мыңы қайтыс болды.

Қазақстанда жұқпалы індет 897 науқастан анықталды. Қайтыс болғандар саны - 10. Жазылғандар саны 86-ға жетті.

Өзгелердің жаңалығы