Коронавирусқа қарсы Британ вакцинасы сынақтан сәтті өтті

23 Шілде 2020, 07:15
1271
Бөлісу:
Коронавирусқа қарсы Британ вакцинасы сынақтан сәтті өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. SARS-CoV-2 коронавирусына қарсы Британияда әзірленген вакцинаның алдын ала клиникалық сынақтары оның қауіпсіз, жанама әсері аз және иммундық жүйеге көмектесетіндігін көрсетті. Табысты тестілеу нәтижелері "MedicalXpress" баспасөз релизінде хабарланды.

Зерттеуге COVID-19 вирусымен ауырмаған 18-ден 55 жасқа дейінгі 1077 сау адам қатысты. Тестілеу 2020 жылғы 23 сәуір мен 21 мамыр аралығында өткізілді.

Вакцинациядан кейін 14 күн өткенде еріктілерде Т-жасушалық жауап байқалды, ал 28 күннен кейін антиденелер өндірілді. Алайда вакцинаның барлық қажетті талаптарға сай келетіндігі әлі белгісіз. Осылайша, ол COVID-19-ға қарсы кемінде алты ай, соның ішінде қарт адамдар мен созылмалы аурулармен ауыратын адамдарды қорғауды қамтамасыз етуі және қарым-қатынас жасаған кездері вирустың берілу ықтималдығын төмендетуі керек.

Сарапшылардың айтуынша, оның жанама әсерлері – шаршау, бас және бұлшықет ауруы, инъекция орнындағы ауырсыну, ауру, қалтырау және жоғары температура. Сонымен қатар парацетамолды қабылдаған еріктілерде жанама әсерлер әлсіз болды. Сондай-ақ препарат вакцинаның иммуногендігіне әсер етпеді.

Вакцина ChAdOx1 шимпанзенің модификацияланған аденовирусы ретінде көрінеді. Ол SARS-Cov-2 вирусында бар және жасушаларды коронавируспен зақымдауда негізгі рөлге ие болатын S-ақуызын өндіреді. Аденовирус қарапайым тұмауды тудырады, бірақ бұл жағдайда ол әлсіреген және адамда ауру тудыра алмайды.


Өзгелердің жаңалығы