Көрмелер мен конференциялар өткізуге арналған шығыстарға талдау жүргізілуде

23 Шілде 2019, 09:51
2724
Бөлісу:
Көрмелер мен конференциялар өткізуге арналған шығыстарға талдау жүргізілуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары - қаржы министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында осылай деді.

"Биылғы жылы 15 шілдеде Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы қойған міндеттерді іске асыру үшін нақты шаралар жоспары әзірленді. Бюджетті жоспарлау мен мемлекеттік қаржыны пайдалану тиімділігін арттырудың жүйелі мәселелерін шешу үшін Парламент пен Есеп комитетінің ұсынымдары бойынша тиісті Жол картасы бекітілді және іске асырылуда. Ұлттық экономика министрлігінің жанынан Мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландырудың негізділігін қарау жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылады. Бюджет қаражатының тиімділігін арттыру мақсатында бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде, ең алдымен, әлеуметтік-экономикалық әсері ескеріледі", - деді Әлихан Смайылов.

Министрдің айтуынша, көрмелер, конференциялар және дөңгелек үстелдер өткізуге арналған шығыстарға талдау жүргізілуде. Мемлекеттік сатып алу мониторингінің нәтижелері бойынша, имидждік іс-шараларға арналған сатып алудың ең көп сомасы жергілікті бюджеттерге тиесілі болды.

Өзгелердің жаңалығы