Көркем гимнастикадан Қазақстан чемпионаты: жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды

1 Шілде 2021, 12:39
1611
Бөлісу:
Көркем гимнастикадан Қазақстан чемпионаты: жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда спорт шеберлігіне үміткер қыздар арасында көркем гимнастикадан Қазақстан біріншілігі ұйымдастырылды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Көпсайыс қорытындысы бойынша шымкенттік Милана Парфилова жеңіске жетті. Ол төрт жаттығу қорытындысы бойынша 81.150 ұпай жинады.

Екінші және үшінші орынды елордалықтар Айым Мейіржанова (79.150) мен Эрика Жайлауова (74.700) иеленді. 

Топтық жаттығуда Нұр-Сұлтан командасы топ жарса, күмісті Шымкент қаласы, қоланы Павлодар облысы иеленген. 

Өзгелердің жаңалығы