Кореяның Орталық Азиядағы инвестициясының 70 пайызы Қазақстанға тиесілі

2 Қазан 2022, 12:58
1280
Бөлісу:
Кореяның Орталық Азиядағы инвестициясының 70 пайызы Қазақстанға тиесілі

Корей Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ку Хоң Сок Корей ұлтының құрылуына арналған жиында сөз сөйледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Біздің еліміздің іргетасы қаланғанына 4355 жыл, армияның құрылғанына 74 жыл толуына орай ұйымдастырылған бүгінгі кешке қатысып бірге қуанышпен бөліскендеріңіз үшін баршаңызға алғысымды білдіремін. Биыл Корея Республикасы мен Қазақстан Республикасының дипломатиялық қарым-қатынасының орнағанына 30 жыл толып, біз үшін аса үлкен мағынаға ие болып отыр. 1992 жылы дипломатиялық қарым-қатынас орнағаннан бері, біздің қарым-қатынас қарқынды дамып келеді. Атап айтқанда, екі ел басшыларының 2019 жылдың сәуірі мен өткен жылдың тамыз айындағы өзара сапарлары арқылы Корей-Қазақ «стратегиялық серіктестік» қарым-қатынасы одан әрі нығайып және ауқымы кеңейе түсті, - деді елші.

Кореяның Орталық Азиядағы инвестициясының 70 пайызы Қазақстанға тиесілі

Ол атағандай, Қазақстан Кореяның Орта Азиядағы ең ірі сауда және инвестициясы шоғырланған  ел, Орталық Азиядағы жалпы үлестің 70%-дан астамын құрайды.

Тамыз айына дейінгі екі ел арасындағы сауда көлемі 4,4 миллиард АҚШ долларына жетіп, бұрын-соңды болмаған (2019 жылы 4,2 млрд. АҚШ доллары) ең жоғарғы көрсеткіштен асып түсті. Сонымен қатар, Қазақстанда тіркелген 330-дан астам Кореялық компаниялар қазақстандық жұмысшылармен және жергілікті серіктестермен бірлесе Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік дамуына өзінің зор үлесін қосуда. Кореяда жасалған көліктерді, ұялы телефондарды және тұрмыстық техниканы Қазақстанның кез келген жерінен табуға болады.

Екі ел арасындағы ынтымақтастық көлік, құрылыс-инфрақұрылым, энергетика және минералды шикізат салаларымен ғана шектеліп қоймай, ICT (ақпараттық-коммуникациялық технологиялар), электронды денсаулық сақтау, ақылды ауыл шаруашылық, таза және жасыл энергетика сияқты жаңа жоғары технологиялық салаларды да қамтып, ұлғайып келеді,- деді ол.

Ку Хоң Сок атағандай, қазіргі таңда Алматының айналма тас жолының құрылысы тұрақты жалғасып, Алматыдағы Hyundai Motors зауыты мен Қостанайдағы Kia көлік зауыты өндірісін жалғастырумен қоса, жақында Астанада коммерциялық көлік құрастыру зауыт құрылысы аяқталды. Павлодардағы ферроқорытпа зауыты құрылысыда келесі аптада басталады деп жоспарланып отыр.

Біз атом электр станцияларының құрылысы сияқты жаңа салалардағы екіжақты ынтымақтастыққада үлкен үміт артып отырмыз. Біз Қазақстанның болашағына атом электр станциясының құрылысында, сенімді серіктес ретінде өзіміздің үлкен үлесімізді қосамыз деген үміттеміз. Өзіміздің жоғарғы деңгейдегі қаупісіздік пен экономикалық орындылығын осы саладағы 40 жылдық ауқымды тәжірибе мен Біріккен Араб Әмірліктеріне атом электр станцияларын экспорттау арқылы дәлелдедік, -деді ол.

Кореяның Орталық Азиядағы инвестициясының 70 пайызы Қазақстанға тиесілі

Елшінің айтуынша, Корей Үкіметі 2030 жылғы Дүниежүзілік ЭКСПО-ны Пусан қаласында өткізуді белсенді түрде алға жылжытып жатыр.

Әлемдегі екінші ірі жүк арту порты болып табылатын теңіз жағалауындағы әдемі Пусан қаласы көптеген ауқымды халықаралық іс-шараларды сәтті өткізді. Сонымен қатар, Пусан қаласының Қазақстанмен қатынасы да ерекше жақын, себебі осы жылы Пусан қаласында Қазақстанның Бас консулдық бөлімі ашылды. Атом электр станциясының құрылысы және Пусан дүниежүзілік ЭКСПО көрмесін өткізу саласындағы ынтымақтастық екі ел арасындағы қарым-қатынасты одан әрі қарқындата түседі деп сенемін. Сонымен қатар, екі ел арасындағы ынтымақтастық қазіргі таңда әлем назарын өзіне аударып отырған «Kореяның қорғаныс» саласында да жанданады деп ойлаймын,- деді ол.

Өзгелердің жаңалығы