Корея Қазақстанның жарқын болашақ жолында әрдайым бірге болады – елші

18 Наурыз 2021, 16:28
2531
Бөлісу:
Корея Қазақстанның жарқын болашақ жолында әрдайым бірге болады – елші
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Кореяның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Ку Хонг-сок пен оның жұбайы Ли Юджин қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады.

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі құтты болсын! Наурыз мейрамына орай Қазақстан халқына Корея Республикасы атынан құттықтау мен үшін зор мәртебе, - деп айтты дипломат.

Ку Хонг-сок мырза Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтетін осы ерекше, маңызды жыл әрбір отбасы үшін қуанышты сәттерге толы болсын деп тілек білдірді.

Менің білуімше, «жаңа күн» деген мағынаны білдіретін Наурыз мерекесі кезінде қазақстандықтар бір-біріне қонаққа барып, тағамнан дәм татып, туыс-туған және жақындарымен жылы лебіздерімен бөліседі. Бұл дәстүр Кореяның жаңа жылда барлық туған-туыс және жақынның мерекелік мол дастархан басында жиналатын дәстүріне өте ұқсайды. Осы мәдени ұқсастықтарды негізге ала отырып, Корея мен Қазақстан арасындағы достық қарым-қатынастар күннен-күнге дамып келеді, - дейді ол.

Қазақстан халқы өткен жылдың басынан бері жалғасып келе жатқан COVID-19 індетін ақылмен еңсеріп келеді.

Елші Ку Хонг-сок мырза атап өткендей, Корея Үкіметі де Қазақстанның стратегиялық серіктесі ретінде туындаған қиындықтарды тезірек жеңу үшін өзара әрекеттесіп жатыр. Наурыз мерекесі барша Қазақстан халқы үшін өткен қиындықтарды еңсеріп, бақыт пен өркендеуге ұмтылуға үміт сыйлайтын және батылдыққа негізделген жаңа бастама болуын шын жүректен тілеймін, - деді дипломат өз құттықтауында.

Сөз соңында Корея Қазақстанның жарқын болашақ жолында әрдайым бірге болатынын жеткізді.


Өзгелердің жаңалығы