Көппәтерлі үйлерді басқарудың жаңа жүйесі қалай жүзеге асады?

24 Қараша 2021, 17:11
893
Бөлісу:
Көппәтерлі үйлерді басқарудың жаңа жүйесі қалай жүзеге асады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «ТКШ реформасы: МИБ институтын енгізу туралы» брифингте айтылды.

Құрылыс және ТКШ істері комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Качаков өз мәлімдемесінде, 2020 жылдан бастап «Бір үй-бір бірлестік-бір шот» қағидаты бойынша мүлік иелерінің бірлестіктері институтарын енгізу жөніндегі реформа іске асырылуда екенін айтты.

Реформаны іске асырылудың маңыздылығы Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйетегі « Жаңа жағдайдағы Қазақстан іс-қимыл кезеңі » атты ел халқына Жолдауында айтылды. Бүгінгі таңда 54 500 көппәтерлі тұрғын үйдің 46 500-і басқарудың жаңа нысанына көшіруге жатады. Шамамен 8 мың көппәтерлі тұрғын үй көшіруге жатпайды. Бұл әкімдіктердің коммуналдық меншігіндегі ұлттық компаниялар мен өзгеде құрылымдардың балансдағы үйлер жәнеде авариялық немесе бос тұрған пәтерлер, -деді Бақытжан Качаков.

Оның сөзінше, 2021 жылғы 22 қарашадағы жағдай бойынша басқарудың жаңа нысандарына 29 775 көппәтерлі тұрғын үй немесе көппәтерлі тұрғын үйлердің 64 пайызы көшіп үлгерген.

Заңға сәйкес, 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін пәтер иелері кооперативтерінің қарапайым тілде айтқанда, КСК –да басқару органы ретінде жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін өтпелі нормалар қолданылады. Осы күннен кейін пәтер иелерінің кооперативтері тарату рәсімімен өтуі қажет. Бұл ретте коорпаративтер мамандары мен қызметкерлердің жұмыс істеп тұрған құрамының негізінде қазірдің өзінде сервистік және басқарушы компаниялар құра алады, -деді ТКШ істері комитеті төрағасының орынбасары Качаков.

Өзгелердің жаңалығы