Көпбалалы отбасыларға пәтер кілттері табысталды

21 Желтоқсан 2021, 14:09
1845
Бөлісу:
Көпбалалы отбасыларға пәтер кілттері табысталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысы Қарақия ауданында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай тұрғын үй кезегінде тұрған көп балалы отбасылар мен әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған жанұяларға жаңа пәтердің кілті табысталды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Мерейлі мерекеге орай Жетібай ауылындағы жаңадан салынған тұрғын үйлерден 8 отбасы пәтер алып қуанышқа кенелді. Сондай-ақ Құрық ауылындағы әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған 4 отбасыға 2019 жылы пайдалануға берілген тұрғын үйден пәтер берілді.

Биыл тамыз айында Жетібай ауылындағы 72 пәтерлік 2 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, тұрғын үй кезегі бойынша пайдалануға беріп бастаған болатынбыз. Енді міне мереке қарсаңында да пәтер кілтін салтанатты түрде табыстап жатырмыз, - деді Қарақия аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Асан Чукин.

Өзгелердің жаңалығы