Көпбалалы отбасылардан шыққан студенттерге шәкіртақы тағайындалды

1 Қараша 2019, 17:56
2612
Бөлісу:
Көпбалалы отбасылардан шыққан студенттерге шәкіртақы тағайындалды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан жоғары медицина колледжінде көпбалалы отбасылардан шыққан студенттерге атаулы шәкіртақы тағайындалды. 

Бұл туралы Түркістан денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Оқу орнын үздік оқитын екі жас студент оқу жылында өз стипендияларынан бөлек 16 мың теңгеден шәкіртақы алып отырады. Бұл шара елімізде жарияланған Жастар жылына орай ұйымдастырылып отыр. Дәл осындай шәкіртақы Жетісай жоғары медицина колледжіндегі студенттерге де тағайындалып отыр. 

02.jpg

Қомақты қаражатты бөліп отырған Түркістан облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен Densaulyq Денсаулық сақтау ұйымы жұмыскерлерлінің жергілікті кәсіподағы жастарға жыл сайын қолдау көрсетуді қолға алмақ. Мәселен, өткен оқу жылында көпбалалы отбасыдан шыққан 4 студентке осындай шәкіртақы бөлініп келген болатын, - делінген ведомство хабарламасында.

05.jpg

Айта кетейік, арнаулы шәкіртақы алуға іліккен студент Еркеғали Жақсылық аталған колледждің 3-курсында "емдеу ісі" бөлімінде оқиды. Ал, екінші студент Жандос Бақыт "медбике ісі" бөлімінде 3-курста білім алуда. Екі студент те оқу орнында үздік оқып қана қоймай, қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысып келеді. Сондай-ақ, түрлі олимпиадаларға, білім бәсекелерінде үлкен жетістіктерге қол жеткізген. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен кәсіподақ ұйымының басшылығы тағайындалған шәкіртақы жастардың білімге деген құштарлығын арттырып, оқу жылы барысында түрлі қажеттіліктерін алуға септігін тигізеді деген сенімде.

09.jpg

Еске салайық, Түркістан жоғары медициналық колледжінде бүгінгі таңда көпбалалы отбасыдан шыққан 1150 бала, тұл жетім 8 студент оқиды. Мемлекеттік грант негізінде білім алатын жастар 20-22 мың теңге көлемінде шәкіртақы алады.



Өзгелердің жаңалығы