Көпбалалы аналарға арналған қолдау орталықтары ашылады – министр

10 Наурыз 2022, 10:42
1579
Бөлісу:
Көпбалалы  аналарға арналған қолдау орталықтары ашылады – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов Үкімет отырысында айтты. 

Көпбалалы отбасылар (76,8 мың) мен мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар (7 мың) үшін қазіргі кезде қызмет ететін үлгідегі Әйелдерді қолдау орталықтарын барлық өңірлерде құру жоспарлауда. Бұл орталықтарда жыл сайын 20 мыңға жуық әйелдерге кешенді қолдау көрсетіледі, - деді ол. 

Министр атағандай, бұл шаралар әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтарды нақты қажеттіліктері бойынша анықтауға, жастарды жұмыспен қамтуға, балалы отбасыларға көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні жұмыспен қамтылғандардың 15,2 пайызы тек орта білімі бар. Түлектердің 40 пайыздан астамы оқу орнында алған мамандықтары бойынша жұмыс жасамайды, ал жастардың 34,1 пайызы мамандықты өздері таңдамаған.Қазіргі еңбек нарығындағы тенденцияларды ескерсек, сарапшылар жақын 5 жылдықта жұмысшылардың дағдылары, талаптардың 40 пайызға жуығы өзгереді деп болжауда.Еңбек ресурстарының кәсіптік дағдыларын дамыту және кәсіптік бағдарлау бағытында бірқатар шараларды қолға аламыз, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы