Көп қаржы жымқырылған «Қазақтелеком» басшысы ауысуы керек пе? – Сәтқалиев жауап берді

Көп қаржы жымқырылған «Қазақтелеком» басшысы ауысуы керек пе? – Сәтқалиев жауап берді
1466

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Самұрық-Қазына » АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев айтты.

«Қазақтелеком» АҚ компаниясында көп ақша жымқырылғанын антикор бұған дейін жариялады. Монополия ретінде дұрыс жұмыс істемегенін министр Бағдат Мусин де айтты. Осы жағдайларға байланысты «Қазақтелеком» АҚ басшысы Қуанышбек Есекеев отставкаға кету керек деп ойламайсыз ба? - деген сұрақ қойылды орталық коммуникациялар алаңында өтіп жатқан баспасөз мәслихатында. 

Өз кезегінде Алмасадам Сәтқалиев  «Қазақтелеком» АҚ қызметтерін ескеру қажет екенін түсіндірді.

Бұл жерде «Қазақтелеком» компаниясының Қазақстандағы тиімді мекеменің бірі екеніне назар аударғым келеді. Жаңа технологиялық компания көп жағынан көшбасшы атанып отыр.  Оның бәсекеге қабілетті ортасы бар. Мәселен, басқа да ұялы байланыс операторлары мен ақпарат тарату сондай-ақ қарым-қатынас түрлері жағынан бәсекеге түсе алады. Және кәсіпорын қаржылық жағынан да тұрақты нәтиже көрсетіп отыр. Онымен қоса компания мемлекеттік жобаларды іске асыратын агенттік жұмысын атқарады. Оған мысал, SEO цифрландыруы, мектеп жүйесіндегі интернет байланыс реттелуі секілді қызметтер. Меніңше, менеджмент жұмысына баға бермес бұрын осы бір факторларға назар аударылуы керек, - деді «Самұрық-Қазына » АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев. 

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ашық дереккөз
Өзгелердің жаңалығы