Көлеңкелі экономикамен күрес барысында контрабандашыларға 3,2 млрд теңге айыппұл салынды

10 Шілде 2019, 11:51
2001
Бөлісу:
Көлеңкелі экономикамен күрес барысында контрабандашыларға 3,2 млрд теңге айыппұл салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда мемлекеттік шекара арқылы өткізілетін тауарларға қатысты бақылау жүргізу кезіндегі өзара іс-қимыл жоспары құрылды. Ол бақылаушы мемлекеттік органдармен (ІІМ, АШМ, ҚР ИИДМ, ҚР ҰҚК ШҚ) бірлесіп бекітілді. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, "Қорғас" ШЫХО-да жүкті заңсыз тасушылар көлеңкелі компаниялардың кең таралған схемаларында басты фигуранттар болды. 

Соңғылары жеке тұлғаларды кедендік тазартусыз шекарадан өту үшін өз мұқтажы үшін тартады.

Қазіргі уақытта жеке тұлғалардың тауарларды әкелуінің рұқсат етілген нормасы 50 кг-дан 25 кг-ға дейін қысқарды.

Сондай-ақ, жергілікті мемлекеттік кірістер департаменттерінің базасында тауарларды түпкілікті алушыны белгілеу, құжаттарда мәлімделген құнның дұрыстығын тексеру және жанама салықтарды төлеу үшін жедел штабтар мен мобильдік топтар құрылды.

«Аталған топтар барлық әкелінетін тауарлар бойынша тексеру іс-шараларын жүргізеді. Жосықсыз компанияларды хронометраждық тексеру басталды. Соңғылары құжаттардағы мәліметтерді дұрыс мәлімдеумен, тауарлардың құнын төмендетумен қатар жанама салық төленетін нақты айналымдарды көрсетпейді», - деп атап өтті Жайдар Іңкәрбаев.

Биылғы жылдың басынан бастап мемлекеттік кірістер органдары ҚХР-дан халық тұтынатын тауарларды импорттайтын сыртқы экономикалық қызметтің 50 қатысушысына қатысты хронометраждық зерттеу жүргізді. Нәтижесінде, іс жүзінде барлығы қолданыстағы заңнаманы бұза отырып, қаржы-шаруашылық қызметін жүргізетіні анықталды.

«Заң бұзушылықтарға жол берген сыртқы экономикалық қызметтің қатысушыларына қатысты әкімшілік жауапкершілік шаралары қабылданып, 3,2 млрд теңге көлемінде 80-нен астам айыппұл салынды», - деп атап өтті Комитет басшысының орынбасары.

Өзгелердің жаңалығы