Батыс Қазақстан облысының теміржол фитосанитарлық посттарында аумақтық инспекция инспекторлары Ресейдің Саратов облысынан келген 251 тонна бидайды анықтап, кері қайтарды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.
Вагондар Талдықорғанға бағытталған.
Еске сала кетейік, ішкі нарықты қорғау және дәнді дақылдарды қайта экспорттау фактілерін болдырмау үшін 2024 жылдың 26 шілдесінде Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссияның отырысында Қазақстан аумағына үшінші елдерден және ЕАЭО елдерінен келетін бидайды барлық көлік түрлерімен әкелуге 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін тыйым салу туралы шешім қабылданды. Бұл шешім Қазақстан аумағы арқылы бидайдың транзитін қоспағанда, күшіне енеді.
Қазақстанға дәнді дақылдарды әкелуге тыйым салынғаннан бері тыйым салынған өнімді заңсыз әкелуге көптеген әрекеттер байқалуда. Белгіленген шектеулерді айналып өту үшін әртүрлі әдістер қолданылады.