Конституциялық сот судьяларын Президент те, Парламент те орнынан ала алмауы керек – адвокат

1 Шілде 2022, 15:29
1376
Бөлісу:
Конституциялық сот судьяларын Президент те, Парламент те орнынан ала алмауы керек – адвокат

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Республикалық адвокаттар коллегиясының төрағасы Айдын Бикебаев Президент жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Заң күзде Мәжіліске кіреді. Ол заңға біз ұсыныстарымызды бердік. Біріншіден, сот тағайындалды ма, оны орнынан ешкімнің алып тастауына құқығы болмауы керек. Президент болсын, Парламент болсын. Егер олардың мұндай құқығы болса, тәуелсіз сот солардың айтқанымен жүреді. Тәуелсіз сот дербес болуы үшін, толық тәуелсіз болуы керек. Ол қайтыс болса, денсаулығы жарамаса немесе сот үкімімен қылмыскер болып табылса ғана орнынан алып тастауға құқық берілу керек. Ал ұйықтап қалды ма, жұмысқа келмей қалды ма, оны Еңбек кодексі шектеумеу керек. Түгел тәуелсіз болуы керек. Сол кезде ғана сот ықпалды болуы мүмкін, - деді ол. 

Оның айтуынша, сот Конституцияға негізделгендей, кейбір заңдардың күшін жоюға, Президент жарлықтары Конституцияға сай келмегенде күшін жоюға қақысы бар. 

Енді ол заңға байланысты ғой. Конституциялық сотқа кім тағайындалады, оған да байланысты. Біздің пікірімізше, ол жерге құқық саласындағы ғалымдар келуі керек. Азаматтық қоғамда белсенді, адвокаттар кіруі керек. Соттың екі тірегі бар. Ол: адвокат пен прокурор. Ол екеуі тепе-тең болуы керек. Қазір оларда айырмашылық бар. Оны заң бойынша теңестіру керек. Біз дайындаған заңдарды депутаттарға жібіреміз, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы