Конституциялық Сот азаматтардың қандай өтініштерін қараудан бас тартуы мүмкін?

19 Қаңтар 2023, 15:00
1236
Бөлісу:
Конституциялық Сот азаматтардың қандай өтініштерін қараудан бас тартуы мүмкін?

Конституциялық Сот азаматтардың қандай өтініштерін қараудан бас тартуы мүмкін? Бұл туралы Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмаханов түсіндірді,  деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Нұрмахановтың айтуынша,  Конституциялық сотқа келіп түскен өтініштерді алдын ала Сот аппараты қарайды. Ал заңға сәйкес, аппараттың міндеті - оның нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптардың сақталуын тексеру, яғни бұл өтініште заңда белгіленген деректердің көрсетілуін анықтау.

Ол жерде өтініш берушінің аты-жөні, оның қандай заңды, қандай бабын, қандай бөлігін даулап отырғаны, Ата заңда көрсетілген қандай конституциялық құқығына нұқсан келтіретіні, құқықтық ұстанымы көрсетілуі керек. Әрине, азаматтардан олардың өтініштерін жоғары құқықтық деңгейде жазу талап етілмейді, - деді заңгер.

Ол кейбір азаматтардың өтінішті өте қысқа да нұсқа еш байыбына бармай жаза салатынын айтты.

Мәселен, «Мынадай заң менің құқықтарыма нұқсан келтіреді» дейді. Бұл заңның қандай нормасы қандай құқығына нұқсан келтіреді? Оның ішінде жүздеген бап бар. Нақты қандай бабы? Қандай бөлігі? Оны ашып, толық жазбайды. Сондықтан ол азаматтарға түсіндіріп, өтінішін аздап толықтырып, сұранысын нақтылауды сұраймыз, - деді Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмаханов. 

Өзгелердің жаңалығы