Конституцияға енгізілген өзгерістің халыққа пайдасы болады – Марат Бәшімов

23 Сәуір 2022, 11:15
2437
Бөлісу:
Конституцияға енгізілген өзгерістің халыққа пайдасы болады – Марат Бәшімов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Cаясаттанушы, Еуропалық құқық пен адам құқығы сараптамалық институтының директоры Марат Бәшімов Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысты пікірімен бөлісті. Оның ойынша, халық өзгерістерді күтіп отыр.

Бүгінгі таңда елімізде үлкен тарихи оқиғалар болып жатыр. Атап айтқанда, адам құқықтары жөніндегі өзгерістер. Яғни біз Президенттің Жолдауында айтылған тапсырмаларды іске асырып, екі жақты талқылау болмауы үшін арнайы жұмыс тобы өз үлесін қосты. Өйткені біз қараған мәселелердің қатарында адам құқықтары жөніндегі нормалар, Парламент Мәжілісінің құзыреттерін күшейтетін нормалар, Конституциялық заң, адам құқығы жөніндегі уәкіл, Бас прокурор туралы бар, - деді саясаттанушы.

Бәшімовтың сөзінше, Президенттің өзі атап өткендей, адам құқығы жөніндегі кепілдік ол Конституцияның үстемдігін ұстап тұрған. Сол үшін конституциялық органдардың басшылары саясатқа араласпауы керек, партияға кірмеуі керек деген нормалар, әкімдерді сайлау қалай жүргізілетіні туралы принциптердің барлығы демократияны жоғары деңгейге көтереді. 

Өзгерістің барлығы халыққа керек, олар оны күтіп отыр. Конституцияға енгізілген өзгерістің барлығы тарихи дүние. Ол құқықтық, саяси жағдайдың бәрін өзгертеді. Бастысы оның халыққа пайдасы болады, - дейді саясаттанушы.

Еске сала кетейік, 22 сәуірде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде кеңес өткізген болатын. Мемлекет басшысы өз сөзінде Жолдауда айтылған саяси бастамаларды жүзеге асыру үшін Ата заңымызға өзгерістер мен толықтырулар енгізу керек екенін айтты.

Өзгелердің жаңалығы