Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның төрағасы Асхат Рақымжанов партияның саяси кеңесі отырысында жаңа Конституция жобасындағы мемлекеттің әлеуметтік бағыты туралы түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жаңа Конституция жобасында Қазақстанның әлеуметтік мемлекет екені және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең жоғары құндылық ретінде танылатыны нақты көрсетілген. ЖСДП үшін бұл – жай ұран емес, биліктің азаматтар алдындағы нақты міндеттемелері, - деді ол.
Оның айтуынша, онда лайықты әрі қауіпсіз еңбек жағдайы, әділ еңбекақы, әлеуметтік қамсыздандыру мен қорғау, білім беру мен денсаулық сақтауға қолжетімділік және отбасыны, ананы және баланы қолдау сияқты базалық мәселелер кеңінен қамтылған.
Бұл қағидаттардың Ата заң деңгейінде бекітілуі әлеуметтік саясаттың саяси жағдайға тәуелді болмай, мемлекеттің қоғам алдындағы ұзақмерзімді міндетіне айналатынын білдіреді, - деп қорытындылады Рақымжанов.