Конституция қабылдағаннан кейін «Тұңғыш Президент туралы» заң күшін жояды – Қошанов

27 Сәуір 2022, 13:14
1414
Бөлісу:
Конституция қабылдағаннан кейін «Тұңғыш Президент туралы» заң күшін жояды – Қошанов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Конституциясын өзгерту бойынша жұмыс тобы Ата заңға Нұрсұлтан Назарбаевты «Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы» деп енгізуді ұсынған болатын.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов осы норманың мәнін түсіндіріп берді.

Мәжіліс төрағасының айтуынша, Конституциядан «Елбасы» деген сөз ғана алынып тасталады.

Елбасының мәртебесі туралы бапқа келер болсақ, «мемлекеттің негізін қалаушы» деген тарихи рөлі сақталады. Бұл бап бұрыннан бар. Тек «Елбасы» деген сөз алынып тасталды, - деп түсіндірді Қошанов.

Сонымен қатар спикердің айтуынша, Конституция қабылдағаннан кейін «Тұңғыш Президент туралы» заң күшін жояды. 

Экс-президенттер туралы конституцияда және президенттер туралы заңда да арнайы норма бар, - деп атап өтті Ерлан Қошанов Мәжілістің кулуарында.

Спикер осы ретте экс-президент туралы норма бұрынғы президентке қандай құзырет беретінін айтты.

Біріншіден, ар-намысын қорғауға құзырет береді. Екіншіден, әлеуметтік жағынан қорғалады. Яғни, көлігі, күзеті, зейнетақысы болады, - деп толықтырды Парламент Мәжіліс төрағасы.

Өзгелердің жаңалығы