Консервіленген және өңделген жаңғақтар өндірісі артты

21 Ақпан 2024, 20:46
562
Бөлісу:
Консервіленген және өңделген жаңғақтар өндірісі артты
Фото: Артём Чурсинов - архив

Консервіленген және өңделген жаңғақтар өндірісі артты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2023 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында Қазақстанда 9,4 мың тонна өңделген және консервіленген жеміс пен жаңғақ өндірілді, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл 26,5% артық.

Сонымен бірге өңделген жемістер мен жаңғақтардың импорты да 11,9% ұлғайып, нақты мәнде 180,6 мың тоннаны құрады (2022 жылғы қаңтар-желтоқсан – 161,4 мың тонна). Импортталатын өнімнің үлес салмағы жалпы ресурстардың 95%.

Өткен жылдың 12 айында ішкі нарықта 177 мың тонна өнім сатылды. 2022 жылмен салыстырғанда бұл 11,1% артық.

Қазақстанға жаңғақтар негізінен Вьетнам, Қытай, АҚШ және Түркиядан әкелінеді.

Өзгелердің жаңалығы