Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Консервіленген балық құрамында ақуыз, алмастырылмайтын май қышқылдары, дәрумендер мен микроэлементтер бар.
Бұл туралы "Аргументы и факты" газетіне берген сұқбатында Тағамтану, биотехнология және тағам қауіпсіздігін зерттеу федералды орталығының диетолог дәрігері Татьяна Солнцева айтты.
Консервіленген балық туралы айтылатын түрлі көзқарастарға қарамастан, өңделіп, құтыға бірнеше ай сақталса да, балық өзінің құрамындағы пайдалы элементтерін жоғалтпайды. Жоғарыда аталған заттектерден бөлек, балықтың еті – D дәруменіне, В тобының дәрумендеріне, әсіресе В12, фосфор, кальций, селен, цинкке бай. Бұл пайдалы дәрумендер ағзаның жүрек-қантамыр, қан түзу, жүйке және иммун жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі үшін өте қажет, - деді дәрігер.
Солнцеваның сөзінше, D дәрумені мен омега-3 май қышқылдары нәлім балығының (треска) бауырында көп болады. Ал тунецтің етінде ақуыздың көп мөлшері бар екені анықталды. Аталмыш ақуыздың құрамында адам ағзасында 95%-ға тез сіңіп кететін алмастырылмайтын май қышқылдары бар.
Диетолог қызанақ тұздығымен немесе маймен араласқан консервіден бас тартқан дұрыс деп есептейді. Себебі, бұндай өнімнің құрамында омега-6 омега-3-тен қарағанда 10 есе көп болады. Ал ол өз кезегінде холестерин алмасымына кері әсер етеді.
Консервіленген балықтың сөзсіз пайдалы екеніне қарамастан, оның құрамында тұз көп болады. Сондықтан бұндай тағаммен күнделікті тамақтануға болмайды.
Дәрігердің айтуынша, бір консервінің құрамындағы тұз адамға қажет тәуліктік нормадан асып кетеді.