Қоңқабаев AIBA жастар арасындағы әлем чемпионатының елшісі болып тағайындалды

3 Сәуір 2021, 21:53
1567
Бөлісу:
Қоңқабаев AIBA жастар арасындағы әлем чемпионатының елшісі болып тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бокстан әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері Қамшыбек Конқабаев алдағы бокстан AIBA жастар арасындағы әлем чемпионатының елшісі болып тағайындалды, деп хабарлады Olympic.kz. 

Бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаты 10-24 сәуір аралығында Польшаның Кельце қаласында өтеді. 

Мен осы әлем чемпионатының елшісі болғаныма қуаныштымын. Болашақ чемпиондар жас кезден қалыптасады. Сондықтан оларды қолдау аса маңызды. Жастартың финалына қатысып, тартысты эекпе-жектердің куәсі боламын деп ойлаймын. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін!, - деді Қамшыбек. 

Әлем чемпионаты елшісінің функцияларына әлем чемпионатын насихаттау және жарысқа қатысты барлық іс-шараға қатысу кіреді. 

Сонымен қатар спортшы әлем чемпионатына, жас былғары қолғап шеберлерімен кездесу өткізеді. Бұдан бөлек жарыстың баспасөз конференцияларына қатысады.


Өзгелердің жаңалығы