Конгода жанартау оянды: көз жұмғандар саны үш есе өскен

24 Мамыр 2021, 11:45
1850
Бөлісу:
Конгода жанартау оянды: көз жұмғандар саны үш есе өскен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Азаматтардың көпшілігі апат салдарынан Гома қаласынан эвакуация кезінде қайтыс болды.

Конго Демократиялық Республикасының шығысындағы Ньирагонго жанартауының атқылауынан 15 адам қайтыс болды. Бұл туралы 23 мамыр күні Жергілікті Actualite порталы хабарлады.

Басылымның жазуынша, Солтүстік Киву провинциясындағы Гома қаласынан эвакуация кезінде болған апат салдарынан тоғыз адам қайтыс болған. Жолдың ортасында адамдары бар жүк көлігі аударылып кеткен.

Қаза болған тағы төрт адам жанартау атқылауы кезінде Мунзенце түрмесінен қашуға тырысқан тұтқындар еді. Қалған екі құрбанның қаза болу себебі туралы әлі толық мәлімет жоқ.

Солтүстік Киву губернаторы Конго армиясына және Ұлттық полицияға эвакуация кезінде ұрлық, варваризм және ену жағдайларын болдырмас үшін Гома қаласы мен эвакуация маршруттарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бұйырды.

Жанартаудың атқылауы тоқтағаннан кейін адамдар үйлеріне орала бастады. Жанартаудың солтүстік - шығыс беткейіне жақын орналасқан Гома қаласының маңына айтарлықтай зиян келтірді.

Өзгелердің жаңалығы