Конгода су тасқынынан 401 адам адам қаза болды

9 Мамыр 2023, 13:11
1208
Бөлісу:
Конгода су тасқынынан 401 адам адам қаза болды
Фото: doseng.org

Конго Демократиялық Республикасының шығысында орналасқан Оңтүстік Киву провинциясын су басты. Елді мекенді жайпап кеткен су тасқыны құрбандарының саны екі есе көбейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оңтүстік Киву өңірінің губернаторы 401 адам опат болғанын атап өтті. Бұл елдегі ең жойқын табиғи апат болды. Алайда жүздеген адам із-түссіз жоғалып кеткенін ескерсек, қаза болғандар бұдан да көп болуы мүмкін. БҰҰ-ның мәліметінше, 3 мыңдай адам баспанасыз қалды.

Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Тропикалық климат белдеуінде орналасқан Конго Демократиялық Республикасында жаңбыр маусымы кезінде қайғылы жағдайлар жиі болады.

Өзгелердің жаңалығы