Конгода көшкін жүріп, 19 адам қаза тапты

3 Сәуір 2023, 19:33
592
Бөлісу:
Конгода көшкін жүріп, 19 адам қаза тапты
Фото: report.az

Конго Демократиялық Республикасының шығысында көшкін жүріп, 19 адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

The Star агенттігі таратқан мәліметке сәйкес, табиғи апат құрбандарының саны артуы мүмкін.

Жергілікті билік ақпаратты растады.

Қаза тапқандардың басым көпшілігі Солтүстік Киву провинциясының Булва ауылында тұратын әйелдер мен балалар болып шықты. Көшкін кезінде олар тау басындағы бұлақта кір жуып тұрғандықтан тірідей көміліп қалған.

Хабар-ошарсыз кеткендерді іздеу жұмыстары жүргізілуде.

Өңір соңғы айларда нөсер жаңбырдан қатты зардап шеккен еді. Соның салдарынан көшкін мен сел жүру орын алды.

Өзгелердің жаңалығы