Конференция мерейтойды мерекелеуге себеп емес – Әбдіров

7 Желтоқсан 2023, 11:00
576
Бөлісу:
Конференция мерейтойды мерекелеуге себеп емес – Әбдіров
Фото: автордан

Астана қаласында ОСК-ның 30 жылдығына орай «Конституциялық реформа және сайлау жүйесі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Конференция 2 күнге созылады. Бүгінге екі сессияның жұмысы жоспарланған: «Конституциялық реформа мәнмәтіндегі сайлау заңнамасының эволюциясы» және «Сайлау жүйелерін дамытудың өзекті трендтері».

Біз бұл іс-шараны мерейтойлық күнді мерекелеуге себеп ретінде қарастырып отырған жоқпыз. Ең алдымен, бұл Қазақстанның сайлау жүйесінің қалыптасу жолы, дамуының белгілі бір қорытындыларын шығарып, жаңа саяси-құқықтық болмысты ескере трансформациялаудың жақсы мүмкіндігі ретінде қарастырып отырмыз, - деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров ашылу салтанатында. 

Іс-шараға шет мемлекеттердің орталық сайлау органдарының, сайлауды байқауға қатысатын халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады. Сондай-ақ конференцияда республиканың бірқатар мемлекеттік органдарының басшылары, ҚР Парламентінің депутаттары, ғалымдар, ҚР ОСК жанындағы Сарапшылық кеңестің мүшелері, Мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының, аумақтық сайлау комиссияларының, саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері болады.

Айта кетейік, іс-шара аясында «ҚР Орталық сайлау комиссиясына 30 жыл» көрмесі ұйымдастырылып, сайлау процесі мәселелері бойынша жаңа басылымдардың тұсаукесері өтеді.

Бұған дейін ОСК конференциясына қатысушыларды Президент құттықтаған еді.

Өзгелердің жаңалығы