Ақтөбеде конфедерация-2019 кубогына аймақтық іріктеу басталды

27 Қазан 2019, 17:30
1545
Бөлісу:
Ақтөбеде конфедерация-2019 кубогына аймақтық іріктеу басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 27 қазан "Жекпе – жек" спорт сарайында Ақтөбе конфедерация кубогының іріктеу туры басталды.

Шараның ашылу салтанатына Ақтөбе облысытық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Е.В.Гончаров, ҚР Дзюдо Федерациясының атқарушы директоры С.С.Жылқыбаев және спорт ардагерлері қатысты. Салтанатты шарада сөз алған басқарма басшысы қатысушыларға сәттілік тіледі. 

"Бүгін 5 аймақтың білекті де, жүректі спортшылары үшін шешуші күн. Бап пен бақтың сыналатын сәті. Жылдар бойы жиналған тәжірибе мен еңбек өз нәтижесін береді деп сенемін. Барша қатысушыларға сәттілік тілеймін. Жеңіс жолында жарқын естеліктер қалуына тілектеспін", - деді ол.

Дәстүрлі өтетін додаға Алматы, Ақмола, Атырау, Павлодар, Ақтөбе командалары қатысып жатыр. Грек-рим, еркін күрес, дзюдо, таеквондо, карате-до спорты түрлері бойынша 138 спортшы келген. Қатысушылар халықаралық ережеге сәйкес бекітілген салмақ дәрежесі бойынша күреседі. Жеңімпаздар Алматы қаласында өтетеін жарысқа жолдама алады.

Өзгелердің жаңалығы