Қонаққа келіп, үй иесінің көлігін айдап кеткен ер адам ұсталды

16 Қараша 2020, 16:33
1686
Бөлісу:
Қонаққа келіп, үй иесінің көлігін айдап кеткен ер адам ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда қонаққа шақырылған азамат үй иесінің ұялы телефонын ұрлап, автокөлігін заңсыз айдап әкеткен, деп хабарлады Polisia.kz.

11 қараша күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Михайлов полиция бөліміне 47 жастағы азаматша хабарласып, қонағының үйдегі заттардың қолжетімділігін пайдаланып, Рено маркалы автокөлігінің кілті мен ұялы телефонын алып кеткенін, одан әрі үйден алып шыққан кілтпен аулада тұрған көлігін айдап әкеткені туралы хабарлаған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 4 миллион теңгеден астам соманы құраған. 

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. 14 қараша күні криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған іске қатысы бар деген күдікпен 27 жастағы азамат ұсталды, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, ұрланған көлік қала сыртынан табылып, иесіне қайтарылды.


Өзгелердің жаңалығы