Конькиші Екатерина Айдова әлем кубогі кезеңінің кіші күмісіне ие болды

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Херенвенде (Нидерланды) конькимен жүгіру бойына әлем кубогінің кезеңі жалғасып жатыр. Жарыстың кезекті күнінде қазақстандық спортшы жүлдегерлер қатарынан көрінді.</h4>

23 Қаңтар 2021 2021, 20:52
АВТОР
 23 Қаңтар 2021 2021, 20:52
23 Қаңтар 2021 2021, 20:52
1413

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Херенвенде (Нидерланды) конькимен жүгіру бойына әлем кубогінің кезеңі жалғасып жатыр. Жарыстың кезекті күнінде қазақстандық спортшы жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Бүгін,  23 қаңтарда әйелдер арасында 1500 м қашықтықта "В" дивизионы бойынша өзара мықтыны анықтады. Жарыс нәтижесінде қазақстандық Екатерина Айдова тиісті қашықтықты 1:59.334 уақытта бағындырды. Нәтижесінде, өз тобының екіншісі болып, "кіші" күміске ие болды. 

Аталған санат бойынша канадалық спортшы Валери Малтаис бірінші болса, нидерландылық Софие Каролайн Хауген үздік үштікті қорытындылады. 

Айта кетерлігі, ерлер арасында "В" дивизионында 500 м қашықтық бойынша ерлер арасында қазақстандық конькиші Артур Галиев бесінші болды. Ол тиісті қашықтықты 35.612 уақытта жүріп өтті.

Наверх