Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов еліміздегі білім сапасының алшақтығын қалай қысқартатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мектептерде оқу процесін цифрландыру бойынша да ауқымды жұмыс жүргізілуде. Оқушыларды электронды оқулықтармен қамтамасыз ету қажет. Онда анимациялық, мультимедиалық компоненттер мен тапсырмалар көрініс табуы керек. Бұл оқулықтар кез-келген компьютерде немесе мобильді гаджетте қолжетімді болуы тиіс, - деп мәлімдеді Смайылов.
Оның мәлімдеуінше, оқу процесі интерактивті, заманауи білім беру технологияларын қолдана отырып құрылуы керек.
Қала мен ауыл оқушыларының арасындағы білім сапасының алшақтығын қысқарту үшін, ең алдымен, ауылдық мектептерді интерактивті және компьютерлік жабдықтармен қамтамасыз ету қажет. Бұл тіпті шалғайдағы шағын мектептерде де оқытудың инновациялық әдістерін енгізуге мүмкіндік береді, - деді Премьер-министр.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, еліміздегі 1100-ге жуық мектеп полицияның жедел басқару орталықтарына қосылмаған.