Комплаенс қызметі. Бизнесте іскерлік пен парасаттылықты қалай дамыту қажет?

29 Сәуір 2022, 10:40
1156
Бөлісу:
Комплаенс қызметі. Бизнесте іскерлік пен парасаттылықты қалай дамыту қажет?
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы  «Kazakhstan Bar Association»  заңгерлер палатасының төрағасы Жұмагелді Елубаев Қазақстанның бизнес секторындағы бизнестің адалдығын арттыру» конференциясында айтты.

Қаңтар оқиғаларынан кейін біздің елімізде өзгерістер курсы басталды. 16 наурызда Мемлекет басшысы бұл өзгерістердің шегін айқындады. Біздің іскерлік пен парасаттылықты ту еткен жобамыз экономикамыз бен ұлттық компанияларды дамытуда өте үлкен мәнге ие болып отыр. Жоба екі бағытты қарастырады. Ол: құқықтық саланы қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар, комплаенс іскерлік парасаттылығын арттыру, - деді ол.

Заңгер ірі компанияларда комплеанс қызметі өте тиімді жұмыс істейтінін айтты.

Комплеанс қызметі бар ірі компаниялардың басшылары заң қызметінің дұрыс қызметінсіз ешқандай шараны жүзеге асырмайды. Бұл-өте маңызды. Осы саладағы 20 жыл еңбек өтілі кезінде парасаттылық негізде жұмыс істедік. Қаңтардан кейінгі оқиғалар бұл қызметтің қажет екенін көрсетті. Сондықтан оны Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе жүзеге асыру керек, - деді Елубаев.

Өзгелердің жаңалығы