Коммуналдық тарифтерді көтеруге енгізілген мораторий аяқталды

15 Шілде 2022, 15:23
839
Бөлісу:
Коммуналдық тарифтерді көтеруге енгізілген мораторий аяқталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов мәлімдеді. 

Инфляция деңгейін тұрақтандыру мақсатында министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, 2022-2024 жылдарға арналған инфляцияны бақылау және төмендету бойынша шаралар кешенін іске асыруда. Шаралар кешені 67 іс-шараны іске асыруды қамтиды, оның ішінде ағымдағы жылы 38 іс-шара және 2024 жылға дейін 29 іс-шара іске асырылады. 2022 жылғы 14 шілдедегі жағдай бойынша 13 жедел іс-шара орындалды, 25 шара – орындалуда, 20 орта мерзімді шара тұрақты негізде орындалуда, - деп атап өтті ведомство басшысының бірінші орынбасары. 

Айтуынша, шаралар кешенін іске асырудың тұрақты мониторингі жүргізіліп жатыр. 

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында министрлік халыққа коммуналдық қызмет тарифтерін көтеруге 180 күнге мораторий енгіздіОсыған байланысты 100-ден астам табиғи монополия субъектілерінің тарифтері түзетілді, бұл халыққа 3,2 млрд.теңгеден астам қаражатты үнемдеуге мүмкіндік берді, - деді Тимур Жақсылықов.

Өзгелердің жаңалығы