Комитет: Жолаушылардың 89% астамы ПТР-анықтамаларымен келген

30 Қараша 2020, 12:58
1155
Бөлісу:
Комитет: Жолаушылардың 89% астамы ПТР-анықтамаларымен келген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының аумағына Швейцария, Германия, Египет, БАӘ, Түркия, РФ, Украина, Қырғызстан және Тәжікстаннан 20 халықаралық әуе рейсі келді.

Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.

2 746 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 458 адам, анықтамасыз 288 адам - ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына - 9 рейс, 1 505 жолаушы, анықтамамен - 1 389, анықтамасыз - 116.
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына - 10 рейс, 1 232 жолаушы, анықтамамен - 1 060, анықтамасыз - 172;
Ақтау қаласының әуежайына - 1 рейс, барлық 9 жолаушы анықтамамен келді.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. Барлық 288 адамның тест сынамасы теріс нәтиже көрсетті, - делінген хабарламада.


Өзгелердің жаңалығы