Комитет отырысында бюджет процестерін реформалау туралы заң жобасы қаралды

21 Желтоқсан 2021, 20:17
1507
Бөлісу:
Комитет отырысында бюджет процестерін реформалау туралы  заң жобасы қаралды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста мемлекеттік басқару, екінші деңгейдегі банктердің кепілдік саясатын, бағалау қызметін реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері туралы заң жобасын талқылады.

Құжатта бюджетті атқару барысында жергілікті бюджеттен ең аз көлемде қаржыландыру белгіленген бағдарламалар ақшасын басқа шығыстарға қайта бөлу мүмкіндігін жергілікті атқарушы органдарға беру ұсынылып отыр. Заң жобасымен 27 заңнамалық актіге, оның ішінде: Бюджет, Азаматтық, Қылмыстық кодекстерге өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. 

Сенатор Нұрлан Бекенов өз баяндамасында заң жобасы бойынша бірнеше негізгі бөліктерде өзгерістер көзделіп отырғанын, оның ішінде мемлекеттік жоспарлауды бюджет процесіне кіріктіру, Мемлекет басшысының үнемді бюджет саясатын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын іске асыру, ипотекалық қарыз алушылардың құқықтарын күшейту, сондай-ақ мүлікті бағалау мен өткізудің ашықтығы мен объективтілігін арттыру бар екенін атап өтті.

Сенаторлар комитеттің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша заң жобасын Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылдады.

Өзгелердің жаңалығы