Комитет: Азаматтардың дені - бетперделік режимді бұзғаны үшін айыппұл арқалаған

8 Мамыр 2021, 17:44
1853
Бөлісу:
Комитет: Азаматтардың дені - бетперделік режимді бұзғаны үшін айыппұл арқалаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерінің карантин шараларын сақтауына жүргізілетін мониторинг жалғасуда. 

Санитариялық-эпидемиологилық бақылау комитетінің мәліметінше, 2021 жылғы 01 қаңтар мен 05 мамыр аралығында жұмысшы топпен 76 995 рейд жүргізіліп, 481 280 нысан тексерумен қамтылды. Нәтижесінде 14 198 (2,9%) бұзушылық анықталды. 

Карантин талаптарын бұзушылықтардың басым көпшілігі келесі өңірлерде тіркелді: ШҚО (3 538), Түркістан(2 198), Алматы (1 996), Шымкент (1 596) және Алматы облысы (955).⠀

​Мониторинг барысында анықталатын негізгі бұзушылықтар: карантин кезеңінде қызметіне тыйым салынған объектілердің жұмыс жасауы, шектеу режимін сақтамау, шамадан тыс адам жинай отырып, бұқаралық іс-шаралар өткізу.

​Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды бұзушылықтарды анықтау бойынша мониторингтік бақылау топтарымен келесі шаралар қабылданды: 2 502 жоспардан тыс тексеру жүргізілді, 2 292 нұсқама берілді, 268 материал сотқа жолданды, 70 объектінің қызметі тоқтатылды.

Нәтижесінде 8 147 кәсіпкерлік нысан мен 6 371 жеке тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылып, 1,114 млрд теңгеден астам айыппұл салынды. 

Айта кету керек, азаматтардың басым көпшілігі қоғамдық орындарда бетперделік режимді бұзғаны үшін айыппұл арқалаған.

Өзгелердің жаңалығы