Комиссия Алматыдағы АИТВ жұқтырудың себебін анықтай алмай жатыр

1 Тамыз 2023, 11:33
891
Бөлісу:
Комиссия Алматыдағы АИТВ жұқтырудың себебін анықтай алмай жатыр
Фото: автордан

Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова Алматы ауруханасындағы АИТВ жұқтыруға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, инфекцияның жұғуына шприц, дәріні тамшылатып енгізу, катетер мен тері жабынының бұзылуына әкелетін басқа да манипуляциялар себеп болуы мүмкін.

Бұл инъекциялар, дәріні тамшылатып енгізу, катетерлер. АИТВ инфекциясын жұқтыру медициналық манипуляциялардың бұзылуымен байланысты. Өкінішке қарай, комиссия қандай манипуляция пациенттің инфекция жұқтыруына алып келгенін анықтай алмайды. Өйткені бақылаушы органдар күн сайын әр қызметкерді тексеріп отырған жоқ, - деп түсіндірді бас санитар дәрігер Үкімет отырысынан кейін кулуарда тілшілерге берген сұхбатында.

Сонымен қатар ол Алматыдағы №12 Орталық қалалық клиникалық ауруханасында қатерлі дертті жұқтырған үш пациент жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатқанын айтты.

Ал мекемеде аурухана қызметкерлерінің жұмысын бақылайтын өндірістік бақылау, қызметкердің лауазымдық нұсқаулығы бар деп отыр. Комиссия болса, аурухана басшылығы манипуляция жүргізгенде стандарттардың сақталуын қадағалайтын бөлімді бақылауға алмағанын алға тартқан.

Еске сала кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Алматы ауруханасындағы сұмдық жағдайға қатысты мәлімдеме жасаған болатын.

Өзгелердің жаңалығы