Көмірсутектің үстемдік дәуірі бірте-бірте аяқталып келеді – Елбасы

23 Қараша 2021, 18:40
1198
Бөлісу:
Көмірсутектің үстемдік дәуірі бірте-бірте аяқталып келеді – Елбасы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында айтты.

Елбасының отырыстағы сөзі партияның ресми сайтында жарияланды.

Жаһандық экономика құрылымының өзгеруі тұтас салалардың жойылып кетуіне, көптеген елдің бәсекеге қабілеттілігін төмендетуге әкеледі. Жаһандық қауымдастық 2050 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге міндеттеледі, - деді Елбасы.

Назарбаев атап өткендей, өндірістің жаңа экологиялық стандарттарын енгізу және салықты күшейту қазірдің өзінде байқалуда.

2030 жылға қарай 190 ел көмірден толығымен бас тартуды жоспарлап отыр. Экологиялық «лас» өнімдер бәсекеге қабілетсіз болады. Осының барлығы елеулі инвестицияларды және экономикамыздың құрылымын өзгертуді талап етеді. Біз – қазба отынды пайдаланатын әлемдегі энергияны ең көп қажет ететін елдердің біріміз, - деп айтты Тұңғыш Президент.

Айтуынша, көмірсутектің үстемдік дәуірі бірте-бірте аяқталып келеді. Оның орнын жасыл энергия уақыты басып жатыр.

Бұл жағдайда Қазақстанның дамуы инновациялардың дамуымен, цифрландыру деңгейімен, жаңа технологияларға қолжетімділікпен, адами капиталдың сапасымен айқындалады, - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.



Өзгелердің жаңалығы