Көмірден бас тартып келе жатқан елдердің саны артып келеді – Серікқали Брекешев

4 Қараша 2021, 09:35
787
Бөлісу:
Көмірден бас тартып келе жатқан елдердің саны артып келеді – Серікқали Брекешев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы "Экологиялық орта қоршаған орта мәселелері" тақырыбында өтіп жатқан Үкімет отырысында айтылды.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевтің мәлімдеуінше, қазіргі уақытта жер бетінде климаттың өзгеруі әлемдік қауымдастық алдында тұрған жаһандық сын-қатерлер қатарында тұр.

Еліміз бүгінгі күні жаһандық жылудан туындаған әсерді байқап отыр. 2016 жылы климаттың өзегеруі мен күресу үшін Париж келісіміне қол қойылды. Оның негізгі мақсаты жаһанның температурасын өлшеу мен 1,5 градустық целциде сақтау. Қазақстан 2030 жылға дейін паркниктік газдардың шығарындыларын 1990 жылғы деңгейден 15 пайызға дейін қысқартуға ниетті, – дейді ол. 

Сонымен қатар министр Париж келісімінің мақсатына жету үшін көптеген елдер көміртек бейтараптандыру мақсаты жөнінде мәлімдегенін айтты.

2019 жылы парниктік газдардың ұлттық шығарындылары 1990 жылғы деңгейден 2,4 %-ға төмен. Бүгінгі таңда еліміздің делегациясы Глазгода өтіп жатқан климаттың өзгеруі бойынша саммиттің 26-шы сессиясының жұмысына белсенді қатысуда, – дейді Экология, геология және табиғи ресурстар министрі.

Өзгелердің жаңалығы