Командалық ауысу болмайды - министр

13 Қазан 2023, 16:37
858
Бөлісу:
Командалық ауысу болмайды - министр
Фото: автордан

Су және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовке БАҚ өкілдері Жамбыл облысының әкімі болып тұрған кездегі орынбасарын не үшін өзімен бірге алып келгенін сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Неге нақты Ерболат Ыбырайханов. Қазір тариф мәселесі өте өзекті болып тұр. Бізге тез шешім қабылдау керек. Ал Ерболат Мақсұтұлының бұл салада тәжірибесі жоғары. Жұмыс өтілі - 17 жыл. Жамбыл облысында екі ай бірге жұмыс істеген кезде оның тариф бойынша кәсібилігі көмектесті. Оның ішінде энергетика саласындағы жылу, су беру саласында жалақы мәселесі бар. Ерболат Ыбырайханов жүргізген жұмыстың нәтижесінде айлық 50%-ға өсті, - деді министр.

Сондай-ақ жаңадан құрылған министрлікке Жамбыл облысында бірге жұмыс істеген кадрлардың келмейтінін айтты. Өзімен бірге тек көмекшісін алып келгенін жеткізді.

Міндетті түрдегі командалық ауысу болмайды. Қазір менімен бірге тек көмекшім ғана келді. Оның бәрі заң аясында реттелген. Меритократия принципі міндетті түрде сақталады. Қазір министрліктің жаңа құрылымын қарап жатырмыз. Бүгінгі таңда бұрынғы Экология министрлігінен бірнеше адам бізге ауысып келеді,- деді Нұржан Нұржігітов.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, елімізде жаңа Су кодексі әзірленеді.

Өзгелердің жаңалығы