Жақында Отардағы әскери бөлімде сарбаздың комаға түсуіне қатысты анасы үндеу жариялаған болатын, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қасым-Жомарт Тоқаев болған оқиғаның мән-жайын мұқият зерттеп, кінәлілерді жазалауды тапсырды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында мәлім етті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысы Отар ауылындағы әскери бөлімде мерзімді қызметін өтеп жатқан сарбаздың комаға түсуіне қатысты анасының әлеуметтік желілерде жариялаған үндеуімен танысты. Мемлекет басшысы болған оқиғаның мән-жайын мұқият зерттеп, кінәлі адамдарды жазалауды талап етті. Президент Қорғаныс министріне армияда мұндай жағдайға жол бермеу қажет екенін ескертіп, тергеу амалдарын бақылауға алуды тапсырды, - деп жазды ол.
Еске салсақ, Жамбыл облысы Отар ауылындағы № 30212 әскери бөлімінде әскери борышыны өтеп жүрген 19 жастағы сарбаз Нұржігіт Әбділпат жансақтау бөліміне түскен. Қазір ол комада жатыр. Анасының сөзінше, ұлы әлімжеттік құрбаны болған.