Колумбияда вирус қайтадан өршіді

5 Маусым 2021, 08:40
1437
Бөлісу:
Колумбияда вирус қайтадан өршіді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Колумбияда індеттің таралуы қайта күшейіп, коронавирусты жұқтырғандар саны артты. Соңғы бір тәулікте елде 27 мыңнан аса тұрғыннан вирус анықталды, деп хабарлайды 24.kz.

Кей қалалардағы қарқынды терапия бөлімдері науқастарға толып, денсаулық сақтау саласына қайта салмақ күшейген. Дәрігерлер әсіресе емдеу орталығына жеткізілгендер арасында жастар көп екенін айтады. Бірақ жергілікті билік эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына қарамастан шектеулерді жеңілдетуді көздеп отыр. Шілде айында мектептер қайта ашылып, шетелдік туристерге ПТР-тест тапсырмауға рұқсат берілмек.

Елде былтыр коронавирус дерті алғаш таралған кезде ауруханаларға көбіне жасы 60-тан асқан егде адамдар жеткізіліп еді. Қазір жастар көп. Интенсивті терапия бөлімдерінде жатқандардың басым бөлігі жасы 25-30 аралығындағы науқастар, – дейді медбике Адриана Пиракуив.

Өзгелердің жаңалығы